Қазақстан U-17 құрамасының Еуро-2024/25 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

Қазақстан U-17 құрамасының Еуро-2024/25 іріктеу кезеңіндегі қарсыластары белгілі болды

03 мамыр 2024, 19:39
Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейін жасөспірімдер құрамалары арасындағы 2024/25 жылдың Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейін жасөспірімдер арасындағы 2024/25 жылдың Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан U-17 құрамасы 4-топқа Бельгия, Украина және Косово құрамаларымен түсті. Ойындар қайда өтетіні алдағы уақытта белгілі болады.

Турнир ережесі бойынша, іріктеу кезеңі 1 және 2 раундтан тұрады. Алғашқы кезеңде 14 топта үздік болған 28 команда А лигасына жолдама алса, қалған ұжымдар В лигасында ойнайды. Екінші раундта 28 команда төрт-төрттен 7 топқа бөлінеді. Әр топтан үздік шыққан командалар мен жарысты қабылдайтын құрама Еуропа чемпионатына жолдама алады. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары