Алматыда футбол клубтарының басшыларына арналған «Футбол менеджменті» офлайн-интенсиві аяқталды

Алматыда футбол клубтарының басшыларына арналған «Футбол менеджменті» офлайн-интенсиві аяқталды

08 мамыр 2024, 10:00
AlmaU университетінде футбол клубтарының басшылары спорт менеджменті саласында біліктілікті арттыру бойынша стратегиялық міндетті іске асыру аясында үш күндік оқыту бағдарламасы өтті.

Бұл курс спорт менеджментіне кіріспе, команданы басқару, қаржылық менеджмент, трансфер саясаты, маркетинг пен брендинг, спорттағы технологиялар, құқықтық аспектілер, дағдарыс кезеңде басқару деген негізгі аспектілерді қамтыды.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін қатысушылар жаңа білім мен дағдыларды игергенін растайтын курсты аяқтағаны туралы сертификат алды. Оқуға қатысушыларды марапаттауға ҚФФ бас хатшысы Андрей Дудин, сондай-ақ ҚФФ техникалық орталығының директоры Талғат Шауткенов қатысты.

Бағдарламаның офлайн-интенсивіне Премьер-лиганың, сондай-ақ Бірінші және Екінші лигалардың футбол клубтарының басшылары қатысты.

Премьер-лига:

1. «Жеңіс» ФК – директор Қожахметов А.М.
2. «Тобыл» ФК – басшы Сағиев Д.Е.
 
Бірінші лига:

1. «Екібастұз» ФК - директор Әубәкіров А.М.
2. «Жетісай» ФК - директор Қонарбаев Н.Б.
3. «Каспий» ФК - директор Жалғасбаев Н.Ж.
4. «Ұлытау» ФК - директор Ержанов Д.К.
5. «Хан-Тәңірі» ФК - директор Молдағалиев Т.К.

Екінші лига:

1. «Ертіс» ФК – директор Елащук И.Е., Ермекбай Е.М.
2. «Талас» ФК - директор Бөлегенов Д.С.
3. «AKAS» ФК - директор Супиев Т.С.
4. «Іле-Алатау» - басшы Палагутин А.В.
5. «Оңтүстік Академиясы» ФК - директор Қожабаев Б.Б.
6. «Ақсу» ФК - Досанов С.Т.

Бөлісу
Жоғары