Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Qazaqstan Qyzmet Cup» турнирі басталды

Мемлекеттік қызметкерлер арасында «Qazaqstan Qyzmet Cup» турнирі басталды

25 маусым 2018, 16:48
23 маусым күні Астанада мемлекет қызметкерлері мен квазимемлекеттік сектордағы компаниялардың жұмысшылары арасында алғашқы жарыс - «Qazaqstan Qyzmet Cup» турнирі басталды.

«Qazaqstan Qyzmet Cup» турнирі ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылды. Шараның ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин қатысты.

Мемлекет қызметкерлері арасындағы алғашқы чемпионатқа 20 команда қатысады. Олардың арасында барлық министрлік пен ведомстваның құрамалары, Қазақстан Президент Әкімшілігі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының командалары бар.

Ойындар сейсенбі-бейсенбі аралығында түнгі футбол форматында «Астана Арена» стадионында өтеді. Бір айналымнан тұратын жарыста әр команда бір-бірімен кездеседі. Әр команда аптасына 2-3 ойыннан өткізеді.

Бөлісу
Жоғары