ГУРБАН ГУРБАНОВ: «ҚАЗАҚСТАН БҮГІН ЖАҚСЫ ОЙЫН КӨРСЕТТІ»

ГУРБАН ГУРБАНОВ: «ҚАЗАҚСТАН БҮГІН ЖАҚСЫ ОЙЫН КӨРСЕТТІ»

05 маусым 2018, 22:20
Футболдан Әзірбайжан Ұлттық құрамасының Қазақстанмен өткен ойынынан (0:3) кейінгі пікірі:

- Ең алдымен қарсыласты жақсы ойынымен және жеңісімен құттықтаймын. Менің командам туралы көп айтпаймын. Барлық сәттер мен әлсіз тұстарымыз жөнінде команданың ішкі жиынында баяндаймын. Бүгінгі матчтан сабақ шығардым. Қазақстандық футболшылар бүгін жақсы ойын көрсетті. Ойынның алғашқы жиырма минутында жеңіліп қалдық. Мен күткен ойынды көрсете алмадық.  

Қазақстан құрамасы таңғалдырды ма?

- Қиын ойын болатынын білдік. Әсіресе, жаңа бапкердің келуімен күшейе түсті. Жаттықтырушылар штабы қарсыласты толық зерттеді. Қазақстандық футбол жылдан жылға дамып келеді. Бүгін барлығымыз соның куәсі болдық.

- Сіз бұрын бірнеше рет Қазақстанмен ойнадыңыз. Сол кездесулермен салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бар ма?

- Қазақстанның соңғы жылдары жақсы жағына қарай қатты өзгергенін айтқан болатынмын. Жылдам футбол. Жүйелі ойын. Біздің айып алаңымызды қарбалас тудырған ойыншыларды атап өткім келеді. Ірі денелі футболшылар. Физикалық дайындығы да жаман емес.

- Бірнеше күн бұрын Қырғыз футболшыларымен кездестіңіздер, ал бүгін ойында қарсылас – Қазақстан. Екі команданы салыстыра аласыз ба?

- Өте үлкен айырмашылық бар. Қазақстан құрамасының ойыншылары Қырғыз футболшыларынан басымырақ деп санаймын. 

Бөлісу
Жоғары