ГЕННАДИЙ СКУРТУЛ: «УЕФА БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫҒАН НҰСҚАУШЫЛАР БАПКЕРЛЕРГЕ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ»

ГЕННАДИЙ СКУРТУЛ: «УЕФА БАҒДАРЛАМАСЫМЕН ОҚЫҒАН НҰСҚАУШЫЛАР БАПКЕРЛЕРГЕ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ»

15 маусым 2018, 12:29
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының кеңесшісі, УЕФА-ның бапкерлерге білім беру комиссиясының мүшесі және УЕФА-ның Техникалық бақылаушысы Геннадий Скуртул жаттықтырушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту жүйесінде қазақстандық футболды қандай өзгерістер күтіп тұрғанын айтып берді:

- Геннадий, Қазақстанда өткізіп жатқан УЕФА курсы туралы айтып берсеңіз?

- Бапкерлердің жаңа конвенциясына сәйкес, нұсқаушыларды оқыту мен бапкерлерге арналған білім беру концепциясы толықтай тәжірибемен тығыз байланысты. Алғашқы модульдің алғашқы бөлігінде тыңдаушыларға УЕФА-ның жаңа концепциясын түсіндірдік. Концепция жаттықтырушыларды тәжірибе арқылы оқытуға негізделген. Нұсқаушылар мен тәлімгерлерге арналған бағдарламаны қатысушыларға таныстырдық. Аталған курс Қазақстанда алғаш рет өтіп отыр. Сонымен қатар, бұл сала бойынша білім беру жүйесі ТМД елдері арасында Молдова және Грузия елдерінде ғана басталды. Бағдарлама УЕФА-ның бапкерлерге арналған жаңа конвенциясының талаптарына сай. Сондай-ақ, бапкерлерге білім берудің ұлттық жүйесі нұсқаушылар мен тәлімгерлерге лицензия беріп, оқыту бағдарламасын енгізеді. Көптеген елдер әлі де мұндай жүйеге бет бұрған жоқ. УЕФА талаптарын орындау үшін нұсқаушылар жақсы дайындалып, жаңа әдістерді оқығаны абзал. УЕФА-ның келешегі зор және стратегиялық бағыттарының бірі саналады. Осы қадамды алғаш жасау арқылы жаттықтырушыларды оқыту сапасын жақсартуға мүмкіндік мол.

- Білім беру екі модульден тұрады. Екінші бөлігінде не үйреттіңіздер?

- Дәрістің екінші бөлігін тәжірибеге арнадық. Нұсқаушылардың жұмысын көрсеттік. Жаңа жүйеде әртүрлі бағдарламалар қарастырылған. Үш күн ішінде жаттықтырушыларға теориялық және тәжірибелік дәрістер оқимыз. Олар екі айдың ішінде сол нұсқауларды пайдалануы тиіс. Жаттықтырушыларға қолдау мен кеңестер қажет. Сол себепті олардың жұмыстарын нұсқаушылар мен тәлімгерлер қадағалайды.

Нұсқаушылар мен тәлімгерлер Қазақстан футбол федерациясының жаңа бағдарламасы бойынша оқытып жатқан «В» категориясының курсы қосылады. Ал тамыз айында УЕФА-ның жаңартылған «А» категориясы бойынша білім беру басталады. Нұсқаушылар мен тәлімгер сол курсқа да қатысады.

Қазақстан футболы дамудың жаңа жолына көшеді. Қазақстан футбол федерациясының 2018-2022 жылдарға арналған Стратегиясына сәйкес футбол орталықтарындағы жаттықтырушылардың кәсіби біліктілігін арттыру арқылы футболшылардың дайындығын жақсарту. УЕФА-ның жаңартылған бағдарламасы «С», «В», «А» және «Pro» лицензиялары бойынша білім беру материалдары футбол мәдениеті мен футбол дәстүріне сай болуы шарт. Ең бастысы қазақстандық футболдың ұлттық ойын жүйесін қалыптастыру.
 

Бөлісу
Жоғары