ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕУРОЛИГАДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ЖАҒАЖАЙ ФУТБОЛЫНАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫНЫҢ ЕУРОЛИГАДАҒЫ ҚАРСЫЛАСТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

18 маусым 2018, 10:21
Жағажай футболынан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуролигада Грекия, Молдова және Литва құрамаларымен бір топта ойнайтын болды.

Біздің футболшылар Еуролиганың «В» дивизионында ойнайды. Бұл кезеңдегі қарсыластар үш топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінің ойындарын 20-22 шілде күні Мәскеуде өткізеді.

Жағажай футболынан Қазақстан құрамасының Еуролигадағы ойын кестесі:

20.07.2018. Молдова - Қазақстан

21.07.2018. Грекия - Қазақстан

22.07.2018. Қазақстан - Литва.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары