Жанкүйерлер арасында Киберфутбол лигасының алғашқы кезеңі өтті

Жанкүйерлер арасында Киберфутбол лигасының алғашқы кезеңі өтті

02 шілде 2018, 12:45
Қазақстандық жанкүйерлер арасында FIFA18 ойыны бойынша Киберфутбол лигасының алғашқы кезеңі аяқталды.

Жарыста «Қайрат» футбол клубының жанкүйері Ровшан Бабаев PS4 жүйесінде жеңіске жетті. «Жетісу» футбол клубының жанкүйері Нұрбол Ыдырысов  PC ойынында топ жарды. Xbox бойынша қызылжарлық Диас Көпеевке тең келер ешкім болмады. 

Турнир Қазақстан футбол федерациясы мен Премьер-лига клубтарының қолдауымен ұйымдастырылды. Қыркүйек айында отандық футболдың жанкүйерлері Киберфутбол лигасының күзгі кезеңінде мықтыларды анықтайтын болады. 

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары