Жағайжай футболынан халықаралық турнир аяқталды

Жағайжай футболынан халықаралық турнир аяқталды

03 шілде 2018, 12:23
29 маусым мен 1 шілде аралығында Павлодар қаласында жағайжай футболынан Еуразиялық лиганың екінші кезеңі өтті.

Жарысқа Ресейден төрт команда «Джокер» (Новосібір), «Мастер групп» (Истиким), «Алтай Соккер» (Барнаул), ТГК (Томск) және павлодарлық «Арман» қатысты.

Үш күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша «Арман» жеңімпаз атанды. Павлодарлық команда 23 ұпай жинады. Екі ұпай кем жинаған «Джокер» екінші орынға жайғасса, үздік үштікті «Мастер групп» түйіндеді.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары