Қазақстанда спорт менеджерлерін қайта дайындау бағдарламасы енгізілді

Қазақстанда спорт менеджерлерін қайта дайындау бағдарламасы енгізілді

03 шілде 2018, 16:23
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті мен Халықаралық білім беру және кәсіби біліктілікті жоғарылату институты бірігіп, Қазақстанда алғаш рет «Спорттағы кәсіби менеджер» инновациялық қайта дайындау бағдарламасын енгізді.

Оқу бағдарламасы мен форматы жұмысқа кедергі келтірмейді. Испания, Польша, Ресей, Беларусь, Украина және Литва елдерінің лекторлары дәріс оқымақ.

Жоба республикалық және аймақтық спорт ұйымдарының жетекшілері мен менеджерлеріне арналған. Сонымен қатар, спорт және фитнес клубтары, спорт ғимараттарының қызметкерлері мен әртүрлі деңдейдегі жарыстарды ұйымдастырушыларды қамтиды.

Бағдарламаға спорт индустриясының өзекті мәселелері, спорт саласындағы экономика мен қаржы, спорт маркетингі және коммуникация, дене шаынықтыру және спорт әдебі мен психологиясы, спорт шараларын байланыстырудың халықаралық тәжірибесі, қызметкерлермен жұмыс, антидопинг және медициналық қамтамасыз ету саласы енеді.

Оқу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйек – желтоқсан айлары (4 ай). Оқуға әр саладағы жоғары білім бар үміткерлер түсе алады.

Анықтама телефоны: +7 (701) 711-63-28 – Исаева Жібек Серікқызы

Бөлісу
Жоғары