Илья Меланич: «Қазақ жеріне береке-бірлік тілеймін»

Илья Меланич: «Қазақ жеріне береке-бірлік тілеймін»

05 шілде 2018, 16:12
Қазақстандық футбол ардагері Илья Меланич матчтан кейінгі эмоциясымен бөлісті:

- Ардагерлер футболы әрқашан техникалық шеберлігімен ерекшеленеді. Өмірін футболға арнаған жандармен доп тебу үлкен мақтаныш. Олардың көбі қазір балаларды жаттықтырады. Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионда ойнайтын балалар да жиналды. Басқа қалалардан жарысқа келген балалар да бүгінгі ойынды тамашалай алды. Ұрпаққа мұра қалдыру деген осы шығар. Бұрын осы стадионда біздер де жүгіріп, шеберлігімізді шыңдадық. Маңызды жолдастық кездесуді ұйымдастырған Қазақстан футбол федерациясына мың алғыс.

- Астана күніне айтар тілегіңіз?

- Астана тұрғындары мен барша қазақстандықтарды мерейтоймен құттықтаймын! Сонымен қатар, Елбасының туған күнімен де құттықтаймын! Зор денсаулық, мол бақыт және көп ұлтты қазақ жеріне береке-бірлік тілеймін.

Бөлісу
Жоғары