Футзалдан Чемпиондар лигасы. «Қайрат» пен «Ақтөбенің» қарсыластары анықталды

Футзалдан Чемпиондар лигасы. «Қайрат» пен «Ақтөбенің» қарсыластары анықталды

09 шілде 2018, 09:55
Футзалдан УЕФА-ның Чемпиондар лигасындағы алғашқы маусымында Қазақстан намысын қорғайтын «Қайрат» пен «Ақтөбе» турнирдің негізгі кезеңінен бастайды.

Алматылық «Қайрат» командасы «А» тобында португалиялық «Спортинг», беларустық «Лида» және косоволық «Феникс» ұжымдарымен ойнайды. Келесі кезеңнің жолдамасын алғашқы үш команда иеленеді.

Қазақстанның вице-чемпионы «Ақтөбе» өз жолын «В» тобында бастайды. Әзірге топтағы бір қарсыластың аты белгілі. Ол хорватиялық «Ново Вриемо» командасы. Қалған қарсыластар іріктеу кезеңіндегі «B» және «I» топтарының жеңімпаздары болмақ. Негізгі кезеңнің «В» тобында бірінші орын алған команда жарысты жалғастырады.

Іріктеу кезеңінің «B» тобында норвегиялық «Саннефьорд», финляндиялық «Кампуксен Динамо», австриялық «Оллстарp» және андорралық «Энкамп» ойнайды. Ал, «I» тобында грузиялық TMC, молдовалық «Динамо» және швейцариялық «Шо-де Фон» өзара мықтыны анықтайды.

Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі 28 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді. Ал, негізгі кезеңінің ойындары 2 және 7 қазан аралығына жоспарланған. Топтық кезеңнің ойындарын «Қайрат» Косовода, «Ақтөбе» Хорватияда өткізеді.

Футзалдан Чемпиондар лигасының алдағы маусымы тарихтағы алғашқы жарыс болмақ. Турнир бұған дейін «УЕФА Кубогы» деп аталған еді.

Бөлісу
Жоғары