Азамат Айтқожин: «Баршамызды қызықты еурокубок маусымы күтіп тұр»

Азамат Айтқожин: «Баршамызды қызықты еурокубок маусымы күтіп тұр»

10 шілде 2018, 12:03
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин еурокубок маусымына қатысатын қазақстандық клубтарға сәттілік тіледі.

- Еурокубок маусымының басталуымен қазақстандық жанкүйерлерді құттықтаймын! Біздің командаларға жаңа табыстар мен керемет ойын тілеймін!

Әр клубтың алдында үлкен міндет пен жауапкершілік тұр. Олар Қазақстанның намысын халықаралық аренада абыроймен қорғауы тиіс.

«Астана» футбол клубы өткен маусымда кәрі құрлықтың кез келген командасына лайықты қарсылық көрсетуге болатынын дәлелдеді. Ең бастысы жасыл алаңда бар күш-жігерін сарқу.

Бізді қызықты еурокубок маусымы күтіп тұр. Маусым ұзаққа созылады деп үміттенемін. Барша қазақстандық жанкүйерлер бірігіп, отандық клубтарға қолдау көрсететініне күмән келтірмеймін. Бәріміз бірге жеңіске жетеміз! Алға, Қазақстан!, - деді Азамат Серікұлы.

 

 

 

Бөлісу
Жоғары