Азамат Айтқожин: «Тобыл» жеңісі қазақстандық өзге клубтарға күш беруі тиіс»

Азамат Айтқожин: «Тобыл» жеңісі қазақстандық өзге клубтарға күш беруі тиіс»

11 шілде 2018, 00:20
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде грузиялық «Самтредиа» клубынан басым түскен қостанайлық «Тобылдың» жеңісіне қатысты пікір қалдырды:

- Қазақстан футболын маңызды жеңісімен құттықтаймын! Өйткені, осы жеңіс халықаралық аренада ел намысын қорғайтын басқа да отандық клубтарға күш беруі тиіс. Грузияда өткен ойын оңайға түспеді. Алайда, бізідң команда үшін бәрі сәтті аяқталды. Өз алаңында қостанайлық футболшылар қарсыласынан мықты екенін тағы бір мәрте дәлелдейді деп сенемін. «Самтредиа» футболшыларының техникасы жоғары. Қарымта ойында қарсыласты бағаламау туралы сөз болмайды. Қостанайдан жақсы жаңалықтар күтеміз, - Азамат Айтқожин.

Бөлісу
Жоғары