Қазақстан футбол федерациясы «Астананы» жеңісімен құттықтайды 

Қазақстан футбол федерациясы «Астананы» жеңісімен құттықтайды 

11 шілде 2018, 22:07
Елордалық «Астана» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчында черногориялық «Сутьеска» командасын 1:0 есебімен ұтты.

Біздің футболшыларға сауатты қорғана білетін және қауіпті қарымта шабуылдар ұйымдастыра алатын команда қарсылық көрсетті. «Астананың» өз қақпасына гол жібермеуі де жақсы нәтиже екені белгілі.  

Жұмыс күніне қарамастан стадионға жиналған жанкүйерлердің қолдауында да атап өткен жөн. 

Қазақстан футбол федерациясы елордалық клубты жеңісімен құттықтап, қарымта ойында сәттілік тілейді!
 

Бөлісу
Жоғары