«Ертіс» сырт алаңда литвалық клубпен тең түсті 

«Ертіс» сырт алаңда литвалық клубпен тең түсті 

13 шілде 2018, 00:10
Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы матчында павлодарлық «Ертіс» сырт алаңда Литваның «Тракай» командасымен тең ойнады. 

Павлодарлық футболшылар алғашқы ойында оң нәтижеге қол жеткізуді көздеді. Кездесуде қорғанысқа көңіл бөліп, шабуылды ұмытпаған «Ертіс» те, «Тракай» да жеңіске жетуі мүмкін еді. Дегенмен тең есеп біздің команданың келесі айналымға шығуына жақсы мүмкіндік қалдырып отыр. 

Қазақстан футбол федерациясы павлодарлықтарды жақсы нәтижесімен құттықтап, қарымта кездесуде жақсы ойын тілейді. Барша Қазақстан «Ертіске» қолдау көрсетіп, жеңіс күтеді!


 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары