Алматыда жаттықтырушылардың «С» категориясына тыңдаушылар қабылданады

Алматыда жаттықтырушылардың «С» категориясына тыңдаушылар қабылданады

13 шілде 2018, 16:12
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы Алматы қаласында жаттықтырушыларға арналған УЕФА-ның «С» категориясы бойынша білім беру бағдарламасына тыңдаушыларды қабылдайды.

Үміткерлер құжаттарды 30 шілдеге дейін Техникалық орталықтың электронды поштасына (techcentre@kff.kz) жіберуі тиіс.

Қабылдау емтихандары 2018 жылдың 6-7 тамызында Талғардағы ұлттық құрама командалар базасында өтеді. Алматы облысы, Талғар қаласы. Емтихан сағат 10:00-де басталады.

УЕФА-ның жаттықтырушыларға арналған «С» категориясы бойыншы білім беру бағдарламасының бағасы 200 000 теңге. Бұл сомаға тамақ, қонақүй шығындары, нұсқаушылар, тәлімгерлер және ұстаздардың жалақысы, тәжірибе сабақтары үшін футбол алаңдарын және теориялық сабақтар үшін арнайы сыныптарды жалға алу, тыңдаушылардың киім формасы мен кеңсе керек-жарақтары кіреді.

Толық ақпаратты анықтама телефоны арқылы біле аласыздар: +7 (701) 508-70-74

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары