Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында турнир ұйымдастырылды

Астанада бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында турнир ұйымдастырылды

16 шілде 2018, 18:20
Астанада елорданың 20 жылдығына арналған бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің арасында мини-футболдан жолдастық турнир өтті.

Жарысқа «Хабар» мен «QAZSPORT» телеарналары, «Қазинформ» агенттігі және турнир ұйымдастырушылары «SPORTINFORM» қатысты.

Финалдық ойында «Хабар» телеарнасы «Қазинформ» ақпарат агенттігінен 4:3 есебімен басым түсті.

Үшінші орын үшін өткен кездесуде «QAZSPORT» телеарнасы мен «SPORTINFORM» жолықты. Бұл ойында турнир ұйымдастырушылары 5:2 есебіме жеңіске жетті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов қатысты.

Бөлісу
Жоғары