«Жетісу» еурокубок маусымына қатысып жатқан қазақстандық клубтарға қолдау білдірді

«Жетісу» еурокубок маусымына қатысып жатқан қазақстандық клубтарға қолдау білдірді

17 шілде 2018, 10:59
Бүгін «Жетісу» футбол клубының қызметкерлері, футболшылары мен жаттықтырушылар құрамы «Президенттік жүгіру» акциясына қатысып, Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасының бастамасын қолдады.

Шара еурокубок маусымына қатысып жатқан қазақстандық клубтарға қолдау білдіру үшін, сонымен қатар елорданың мерейтойлы 20 жылдығына арналды.

«Жетісу» стадионында жүгіруге қатысқандардың арасында клуб директоры Серік Мұқанов, спорт директоры Руслан Балтиев, клуб әкімшілігі, Бірінші лигада ойнайтын «Жетісу Б» командасының ойыншылары, футбол орталықтарының жаттықтырушылары мен тәрбиеленушілері болды.

- Тәуелсіз Қазақстанның нышанына айналған Астана жобасының авторы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туған жері - Жетісу өлкесі.  Біз үшін елордамыз Астананы қолдауға арналған барлық бастама қымбат, - деп атап өтті клуб жетекшісі Серік Мұқанов.

«Жетісу» футбол клубы эстафетаны «Ақтөбеден» алып, «Қызыл-Жар СК» командасына табыс етті.

Алга, Қазақстан! Вперед, футбол!

 

 

Бөлісу
Жоғары