«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар Лигасына қатысады

«БИІК-Қазығұрт» командасы Чемпиондар Лигасына қатысады

03 тамыз 2018, 09:00
Қазақстандық «БИІК-Қазығұрт» қыздар командасы Латвия астанасы Ригада өтетін Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңінде сынға түседі.

Шымкенттік клуб Чемпиондар Лигасына алғаш рет қатысып отырған жоқ. Өткен маусымда «Биік-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/8 айналымына дейін шығып, турнир жеңімпазы атанған Францияның «Лион» командасына есе жіберген еді.

Биыл «БИІК-Қазығұрт» командасы іріктеу кезеңінің жетінші тобында ойнайды. Қарсыластары - «Академия Элпидес Кардитсас» (Грекия), РФШ (Латвия) және «Ландхаус» (Австрия). Барлық ойындар Рига қаласындағы  «Аркадия» спорт орталығының стадионында өтеді.

Кездесулер күнтізбесі:

07.08.2018

«БИІК-Қазығұрт» - «Академия Элпидес Кардитсас» (Грекия)

Бас төреші - Марта Фриас Аседо (Испания); көмекшілері - Андрада Аломан (Испания) и Марита Витола (Латвия). Қосалқы төреші - Елена Ермолаева (Латвия).

10.08.2018

«БИІК-Қазығұрт» - «РФШ» (Латвия)

Бас төреші - Ифеома Кулмала (Финляндия); көмекшілері - Хейни Хювенен (Финляндия) және Андрада Аломан (Испания). Қосалқы төреші - Марта Фриас Аседо (Испания).

13.08.2018

«Ландхаус» (Австрия) - «БИІК-Қазығұрт»

Бас төреші - Марта Фриас Аседо (Испания), көмекшілері - Андрада Аломан (Испания) және Марита Витола (Латвия). Қосалқы төреші - Елена Ермолаева (Латвия).

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары