Азамат Айтқожин: «Бүгін түнде Қазақстан халқы «Қайратты» қолдады»

Азамат Айтқожин: «Бүгін түнде Қазақстан халқы «Қайратты» қолдады»

03 тамыз 2018, 02:50
Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Азамат Айтқожин алматылық «Қайратты» Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шығуымен құттықтады:

- «Қайрат» сырт алаңда Голландияның «АЗ Алкмаар» командасымен кездесіп, көп күш жұмсады. Алматыда жеңіліске ұшыраған алаң иелері алғашқы минуттан бастап жылдам гол салуға ұмтылды. Алайда, «Қайрат» өз жоспарын жүзеге асырып, екінші таймның аяғына дейін тең есепті ұстап тұрды. Қазақстан қоржынына кезекті ұпайды салуға сәл ғана жетпеді. Дегенмен, екі ойынның қорытындысы бойынша «Қайрат» келесі кезеңге жолдама алып, Еуропа Лигасының топтық кезеңіне қатысу үшін күреседі. Футболшылар оң нәтиже үшін жасыл алаңда бар күш-жігерін сарқыды. Алматылықтардың келесі қарсыласы да осал емес. Алайда, «Қайраттың» жеңісті жолды жалғастыратына сенім мол. Біздің команданың жанкүйерлері «АЗ Алкмаар» стадионында қызу қолдау көрсетті. Қазақстан халқы алматылықтар үшін алаңдап, үлкен жетістіктер күтеді. «Қайрат» футбол клубына маусымда алға қойған мақсаттарына қол жеткізіп, жаңа жеңістер тілеймін!, - деді Азамат Серікұлы.

 

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары