«Арман» - жағажай футболынан Еуразиялық лиганың жеңімпазы атанды

«Арман» - жағажай футболынан Еуразиялық лиганың жеңімпазы атанды

03 тамыз 2018, 16:50
Шілденің аяғында Ресейдің Қорған қаласында жағажай футболынан Еуразиялық лиганың үшінші кезеңі аяқталды. Жарысқа павлодарлық «Арман» клубы қатысты. 

Қорғанда өткен алғашқы ойында «Арман» футболшылары алаң иелері «Звезды Динамо» командасымен жолығып, 5:3 есебімен жеңіске жетті. 

Әрі қарай «Арман» жеңіс жолын жалғастырып, Новосібір қаласының «Джокер» командасынан 6:4 есебімен басым түсті. Барнаулдың «Алтай Соккер» командасын да қарсылас көрмеді - 4:1. Соңғы ойында ТГК (Томск) ұжымын 6:3 есебімен ұтты. 

«Арман» командасы 35 ұпай жинап, турнир жеңімпазы атанды. Енді қазақстандық команда Новосібір қаласында өтетін Еуразиялық лиганың суперфиналына қатысады. 
 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары