Қазақстан футбол федерациясы жасыл алаңды сынақтан өткізетін зертханалар арасында байқау жариялайды

Қазақстан футбол федерациясы жасыл алаңды сынақтан өткізетін зертханалар арасында байқау жариялайды

09 тамыз 2018, 16:13
Қазақстан футбол федерациясы стадионның құрылысы мен футбол алаңдарының сапасын жақсарту мақсатында жасанды синтетикалық газондары бар алаңдарды міндетті түрде сертификациядан өткізу рәсімін енгізбек.

Сертификациялау рәсімі Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының аясында өтетін барлық ресми жарыстарды (Премьер-лига, Бірінші лига, Екінші лига, әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты, балалар мен жасөспірім командалар арасындағы біріншілік) қабылдайтын жасанды футбол алаңдары бар стадиондар өтуі тиіс.

Отандық стадиондардағы футбол алаңдарына қойылатын талапқа сәйкес, Қазақстан футбол федерациясы жасанды синтетикалық жамылғылары бар алаңдарды сынақтан өткізу үшін зертханалар (компаниялар) арасында байқау жариялайды.

Іріктеуге қойылатын талаптар:

Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген заңды тұлға;

Жасыл алаңда зертханалық сынақтарды жүргізетін құрылғылардың бар болуы;

Құрылыс және футбол алаңдарын төсеу саласындағы тәжірибесі;

Байқаудан іріктелген зертханалар (компаниялар) Қазақстан футбол федерациясының аккредитациясын алады.

Байқауға қатысу және қосымша мәліметтер алу үшін Қазақстан футбол федерациясының Лицензиялау және аттестациялау департаментіне хабарласуға болады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары