Қазақстан қыздар құрамасы U-19 жолдастық кездесуде Қырғызстанды ірі есеппен ұтты

Қазақстан қыздар құрамасы U-19 жолдастық кездесуде Қырғызстанды ірі есеппен ұтты

12 тамыз 2018, 19:11
Оқу-жаттығу жиынын аясында өткен ойында біздің қыздар қарсыластарынан 5:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан құрамасынан Арайлым Орынбасарова мен Әсел Көбесова дубль авторы атанды. Тағы бір голды команда капитаны Анастасия Низамутдинова соқты.

Айта кетейік, 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу ойындарына дайындықты Талғарда өткізіп жатыр. Жиын 15 тамызға дейін созылады. 

Қазақстан U-19 — Қырғызстан U-19 - 5:0 (3:0)
Голдар:
Орынбасарова 2, 10, 67, Көбесова 44, 53.
Ескерту: Аруова 54, Ақшалова 62 - Шаргулова 54, Анарбаева 66.
Қазақстан U-19: Бурдакова (Бессонова 68), Н.Шалмұқанбетова (Ақшалова 46), А.Садықова (Аруова 51), Жақсымбай, Волкова (Нарбек), Низамутдинова, Орынбасарова, Ступина, Жәутікова (Қабылбаева 59), Көбесова, Багули (Иванюк 65).
Бапкер - Петр Пак
Қырғызстан U-19: Абибулақызы (Толонова 46), Абдылдаева (Шаргулова 53), Конушбаева, Адыранова (Анарбаева 11), Ырысбекқызы, Токтоболотова, Асқарқызы (Нязова 68), Дюшобаева, Мұратбекова (Кенжелыева 83), Саскеева.
Бапкер - Гүлбара Уматалиева
Төрешілер: Сержанұлы, Лобач, Магау (барлығы - Алматы).
11.08.2018. Алматы.  «Талғар» стадионы.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары