Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы спорт менеджерлерін қайта дайындау иннновациялық бағдарламасы бойынша дәріс жүргізеді

Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы спорт менеджерлерін қайта дайындау иннновациялық бағдарламасы бойынша дәріс жүргізеді

13 тамыз 2018, 15:20
Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен бірігіп, үш модульден тұратын «Спорт менеджменті» курсы бойынша дәріс береді.

Студенттерге арналған дәріс Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде келесі кесте бойынша жүргізіледі:

1 модуль – 20-22 қыркүйек 2018 жыл.

2 модуль – 18-20 қазан 2018 жыл.

3 модуль – 6-8 желтоқсан 2018 жыл.

Спикерлер қатарында «Синергия» МФПУ спорт менеджементі орталығының директоры Валерий Гореликов, «Локомотив» (Мәскеу, Ресей) футбол клубының атқарушы директоры Алексей Киричек, FIFA жетекші менеджері және ӘЧ-2018 ұйымдастырушысы Илья Слуцкин, УЕФА кеңесшісі Николай Воробьев, «Динамо» (Киев, Украина) футбол клубының инфрақұрылым жобаларының жетекшісі Андрей Пантюхов бар.

Дәріс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға Қазақстан футбол федерациясы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің сертификаты беріледі.

Премьер-Лига және Бірінші Лига клубтарының жетекшілер құрамы арасында тыңдаушыларды қабылдау жоспарланып отыр. Құжаттар 2018 жылдың 13-25 тамыз аралығында қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (701) 508-70-74.

«Спорт менеджменті» мамандығы бойынша арнайы курсқа түсу құжаттарының тізімі мен өтінішті Техникалық орталықтың құжаттар бөлімінен жүктеп алуға болады.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары