Қазақстан футбол федерациясы «БИІК-Қазығұрт» футбол клубын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтайды!

Қазақстан футбол федерациясы «БИІК-Қазығұрт» футбол клубын Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шығуымен құттықтайды!

13 тамыз 2018, 23:50
Шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» әйелдер футбол клубы іріктеу тобында бірінші орын алып, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Қазақстан чемпионына Грекия, Австрия және Латвияның мықты ұжымдары қарсылас атанды. Үш ойында тоғыз ұпай жинаған «БИІК-Қазығұрт» футболшылары өз тобында бірінші орынға ие болды. Жанкүйерлер мен мамандар команданың жетістігін жоғары бағалайды.

«БИІК-Қазығұрт» футболшылары ел абыройын жыл сайын халықаралық аренада қорғап келеді. Еуропада біздің қыздардың нәтижеге қол жеткізе алатынын жақсы біледі. Алда жаңа қарсыластар мен жаңа жеңістер күтіп тұр! Сәттілік тілейміз! Алға, Қазақстан!

Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары