Қазақстан студенттер құрамасы футзалдан Әлем Чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстан студенттер құрамасы футзалдан Әлем Чемпионатының жартылай финалына шықты

23 тамыз 2018, 21:42
Ширек финалда Қазақстан құрамасы Аргентинадан 6:2 есебімен басым түсті.

Аргентина құрамасының қақпасына гол соққандар - Владислав Черномордов, Ұлан Жақсылықов, Біржан Оразов, Ерсұлтан Сағындықов, Арнольд Кнауб және қақпашы Асылжан Алин. Қарсыластың қатарында Ди Рико мен Киршбауна көзге түсті.

Қазақстан жартылай финалда Португалия - Таиланд жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Қазақстан - Аргентина - 6:2

Голдар: Черномордов 8, Жақсылықов 19, Оразов 20, Сағындықов 25, Кнауб 39, Алин 40 - Ди Рико 9, Киршбаун 37

23.08.2018. Алматы. «Almaty Arena».

Бөлісу
Жоғары