Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейге есе жіберді

Қазақстан әйелдер құрамасы Ресейге есе жіберді

30 тамыз 2018, 22:58
Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңінде Ресей құрамасымен Мәскеуде жолықты.

Матч Мәскеу қаласындағы «Сапсан арена» стадионында өтті. Кездесуде алаң иелері 3:0 есебімен жеңіске жетті. Марина Федоров есеп ашса, Надежда Смирнова екі рет дәлдік танытты.

Ресей - Қазақстан - 3:0 (2:0)

Голдар: Федорова 5, Смирнова 44, 56

Ресей: Щербак, Акимова, Кожникова (к), Братко, Подшибякина, Смирнова, Федорова, Данилова, Поздеева, Пантюхина, Коровкина.

Қазақстан: Железняк, Қожахмет, Гайстенова, Құлмағамбетова, Қырғызбаева (к), Нұрышева, Вылданова, Кәрібаева, Бабшук, Мясникова, Тұрлыбекова.

Төрешілер: Антониу, Куробилия, Куцубу (барлығы - Грекия).

30.08.2018. Мәскеу. «Сапсан Арена».

 

Қазақстан әйелдер құрамасы 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің соңғы ойынын 4 қыркүйек күні Павлодарда Англия құрамасымен өткізеді. Ойын 21:00-де басталады.

Бөлісу
Жоғары