Рәзия Нүркенова: «Ойынның тағдыры тактиканы дұрыс қолдануымызға байланысты»

Рәзия Нүркенова: «Ойынның тағдыры тактиканы дұрыс қолдануымызға байланысты»

04 қыркүйек 2018, 01:51
Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері Рәзия Нүркенова матч алдындағы баспасөз мәслихатында журналистердің сауалдарына жауап берді.

- Ресеймен екі түрлі тайм өткіздік. Әр таймның ойын үлгісі бөлек болды. Қазір Англия құрамасына қарсы дайындалып жатырмыз. Футболшылары жылдам әрі техникасы жоғары. Қиын әрі қызықты кездесу болмақ. Мұндай кездесулер тәжірибе жинауға көмектеседі. Павлодарлық жанкүйерлерден тек қана қолдау қажет. Ойынға футболға қызығатын қыздардың көп келгенін қалаймын. Өйткені, Қазақстанда әйелдер футболын көтеру қажет. Қазақстан чемпионатындағы командалардың санын арттырып,  жас ерекшеліктері бойынша 15, 17 және 19 жасқа дейінгі біріншілікке қатысатын командалардың саны да көп болғаны абзал. Ойынға қайта оралсақ, қарсылас алға қойған тапсырмасын орындап қойды. Ойынның тағдыры тактиканы дұрыс қолдануымызға байланысты. Англия құрамасының бас бапкері танымал Фил Невилл. Оны барлығы жақсы біледі.

- Өткен ойынмен салыстырғанда Қазақстан құрамасының қатарында өзгеріс бола ма?

- Мен футболшыларды мамандардың кеңестері арқылы және ойынның бейнесін қарап шақырттым. Қай футболшының пайдасы бар екенін, қай футболшының өсуді қалайтыны қазірдің өзінде-ақ көрініп тұр. Осы уақытқа дейін ойыншылар туралы пікірім сан рет өзгерді. Теорияда ойын сәттерін көп талқылаймыз. Бәрі ашық. Бүгін сауалнама жүргіздім. Жас футболшыларды әрі қарай қалай тартуға болады? Қыздардың жасөспірімдер құрамасында қалай ойнайтынын үнемі бақылайтын боламыз. Көшбасшыға болуға лайық футболшыларды ұлттық құрамаға тартамыз. 

- Қазақстан құрамасында аты-жөні шетелдік футболшы ойнайды?

- Батя Багулли. Қазақстан азаматы, АҚШ-та тұрады. 19 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасының ойыншысы, алғаш рет ұлттық құрамға шақырдық. .

Бөлісу
Жоғары