Кольдо Альверес: «Біздің құрама әр ойын сайын күшейіп келеді»

Кольдо Альверес: «Біздің құрама әр ойын сайын күшейіп келеді»

11 қыркүйек 2018, 03:28
Андорра құрамасының бас бапкері Кольдо Альверес Қазақстанмен ойынды қорытындылады.

- Бүгін жеңіске жеткендей болдыңыздар…

- Жеңіске жеттік деп айта алмаймын. Бір ұпай алғанымызға қуаныштымыз. Ойынның алғашқы және екінші бөлігі қиын болды. Андорра қорғанысты ұстады. Қазақстан құрамасының қатарынан бір ойыншының алаңнан қуылуы бізге көмектесті. Біздің команда өсіп келеді. Ойыншыларымды құттықтаймын! Олар бүгін жақсы ойнады.

- Ойыншының алаңнан қуылуы көмектесті деп санайсыз ба?

- Әрине, көмек болды. Алайда, біздің құрама әр ойын сайын күшейіп келеді. Біздің құрама үшін тең нәтиже - үлкен табыс.

- Ойыннан қандай әсер алдыңыз?

- Жасыл алаңға шыққан және шықпаған футболшыларға көңілім толады. Олардың барлығы бүгінгі ойында көмектесті. Бапкер ретінде бүгінгі ойынға ризамын. Біздің команда ұпай жинап жатыр.

- Екі ойыннан кейін қандай қорытынды шығардыңыз?

- Латвиямен ойыннан кейін УЕФА Ұлттар Лигасының ойындары ұнайтынын айтқанмын. Аса мықты емес 16 команданың ішінде лайықты нәтижеге ие бола аламыз деп үміттенемін.

Бөлісу
Жоғары