Қазақстанда әуесқой футболдың форматын өзгерту жобасы талқыланды

Қазақстанда әуесқой футболдың форматын өзгерту жобасы талқыланды

21 қыркүйек 2018, 16:20
Басқосуда әуесқой футбол лигасының ахуалы талқыланып, 8х8 форматында ойнайтын Қазақстан футбол лигасын құру мәселелері, жобаның ұйымдастыру сұрақтары мен келешегі сөз болды.

Астанада өткен жиынға Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі, отандық футбол ардагерлері одағының президенті Сейілда Байшақов, Қазақстан футбол федерациясы Бұқаралық, әйелдер футболы және футзал департаментінің директоры Ерлан Жамантаев пен оның орынбасары Серік Сәрсембеков, Астана, Алматы қалалары мен Шымкент, Жамбыл облыстарының әуесқой лигаларының өкілдері қатысты.

 

Бөлісу
Жоғары