Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

Футзалдан Қазақстан құрамасы Әзірбайжанды жеңді

23 қыркүйек 2018, 22:07
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы жолдастық кездесуде Әзірбайжан құрамасынан басым түсті.

Баку қаласында өткен ойында қазақстандықтар 3:1 есебімен жеңіске жетті. Біздің құраманың сапында голдарды Біржан Оразов, Шыңғыс Есенаманов және Игита соқты.

 

Әзірбайжан - Қазақстан - 1:3

Голдар: Багиров 14 - Оразов 8, Есенаманов 9, Игита 30.

Әзірбайжан: Ровшан Гусейнли, Эмин Кюрдов - Хатаи Багиров, Самир Гамзаев, Ризван Фарзалиев, Нихад Исмайлов, Рамиз Човдаров, Иса Атаев, Эмин Микаилов, Адем Габибов, Намик Мамедкеримов, Фарид Атакишиев, Канан Манафов.

Қазақстан: Игита, Александр Гуров - Шыңғыс Есенаманов, Дәурен Нұрғожин, Тайнан, Біржан Оразов, Даурен Тұрсағұлов, Владислав Черномордов, Альберт Акбаликов, Қайрат Иманалин, Арнольд Кнауб, Александр Довгань, Антон Рындин.

Бөлісу
Жоғары