«BAQ league-ның» төртінші маусымы аяқталды

«BAQ league-ның» төртінші маусымы аяқталды

24 қыркүйек 2018, 18:45
Астаналық журналистер арасында өткен мини-футболдан «BAQ league» турнирінің төртінші маусымы аяқталды. Өткен демалыс күндері «Тарлан Арена» стадионында жүлдегерлер мен жеңімпаздардың марапаттау рәсімі өтті.

Шілде айында басталып, екі айға созылған журналистер арасындағы жарыс елорданың барлық БАҚ өкілдерін біріктірді.  

Чемпионаттың төртінші маусымына барлығы 13 команда қатысты. Былтырғы маусымның қорытындысы бойынша командалар «А» және «В» лигаларына бөлінді.

«А» лигасында «Хабар» және «Асыл арна» телеарналары, «Егемен Қазақстан» газеті, «Қазмедиа» орталығы, «Спорт 59» журналистер құрамасы және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс министрлігінің ақпараттық-талдамалық орталығының командалары кірді. «В» лигасында «Elorda aqparat» агенттігі, «Хабар 24» және «Евразия+ОРТ» телеарналары, «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы, ҚМДБ, «Қазинформ» ақпараттық агенттігі және «Қаламгер» журналистер құрамасы бас біріктірді.

Маусым қорытындысы бойынша әр түрлі номинацияларда үздіктер анықталды. Үздік ойыншылар команда капитандары мен басшылары арасында жүргізілген сауалнама арқылы анықталды.

 

Біріншілік қорытындысы:

«А» лигасы:

1 орын – «Хабар»

2 орын – «Егемен Қазақстан»

3 орын – ЦАИ МИК РК

 

Позициялар бойынша номинациялар:

Үздік қақпашы - Дмитрий Покидаев (ЦАИ МИК РК)

Үздік қорғаушы - Ершат Қожатаев («Хабар»)

Үздік шабуылшы - Нұрсұлтан Қабылбек («Хабар»)

Үздік сұрмерген - Нұрсұлтан Қабылбек («Хабар») – 19 доп

Үздік ойыншы - Кұмарбек Азат («Қазмедиа»)

 

Турнирлік кесте:

 

Командалар

О

Ұ

Т

Ж

Голдар

Ұ

1

 Хабар

10

6

3

1

46-23

21

2

 Егемен Қазақстан

10

5

4

1

41-31

18

3

 ЦАИ МИК РК

10

5

3

2

38-21

16

4

 Қазмедиа

10

3

0

7

29-41

11

5

 Асыл Арна ТВ

10

2

2

6

28-41

9

6

 Спорт 59

10

2

2

6

18-38

8

 

«В» лигасы:

1 орын – «Elorda aqparat» агенттігі

2 орын – «Хабар 24»

3 орын – «Qazaqstan» ұлттық телеканалы

 

Позициялар бойынша номинациялар:

Үздік қақпашы - Қанат Базылхан («Қаламгер»)

Үздік қорғаушы - Аят Дүйсембаев («Хабар 24»)

Үздік шабуылшы - Бексаттар Саттар («Elorda aqparat»)

Үздік сұрмерген – Бексаттар Саттар («Elorda aqparat») - 26 доп

Үздік ойыншы - Елтай Нұрғазин («Elorda aqparat»)

 

Турнирлік кесте:

 

Командалар

О

Ұ

Т

Ж

Голдар

Ұ

1

 Elorda aqparat

12

10

2

0

66-10

32

2

 Хабар 24

12

8

0

4

42-23

24

3

 Qazaqstan TV

12

6

3

3

29-20

21

4

 ҚМДБ

12

6

1

5

30-37

19

5

 Евразия ТВ

12

2

3

7

30-45

9

6

 Қаламгер

12

2

3

7

19-44

9

7

 Sportinform

12

1

2

9

13-50

5

 

Жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол Федерациясы Президентінің Кеңесшісі Сейілда Байшақов, отандық футболдың ардагері Айтбай Жамантаев, «Егемен Қазақстан» газетінің басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, «Хабар» агенттігінің басқармасы төрағасының орынбасары Ринат Кертаев, «Elorda aqparat»  агенттігінің директоры Қайсар Жұмабайұлы, «BI-group» құрылыс компаниясының PR және қоғамдық даму департаментінің директоры Гаухар Керімова, «Астана ақшамы» газетінің редакторы Ғалым Қожабеков, танымал спорт комментаторы Амангелді Сейітхан және белгілі журналист Шыңғыс Мұқан қатысты.

«BAQ league-ның» келесі маусымы 2018 жылдың қараша айында басталады деп жоспарлануда.

Бөлісу
Жоғары