ҚФФ өкілдері ФИФА-ның бапкерлер конференциясына қатысты

ҚФФ өкілдері ФИФА-ның бапкерлер конференциясына қатысты

25 қыркүйек 2018, 16:40
Қазақстан футбол Федерациясы атынан бұл шараға Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкерінің көмекшісі Цанко Цветанов және ҚФФ техникалық орталығының директор Арсен Іңкәрбеков қатысты.

Аталған конференция ФИФА үшін ауқымды болды, себебі бұл шараға мекеменің мүшесі болып табылатын 200-ден жуық қауымдастық шақырылған. Шақырту алғандардың ішіне Ресейде өткен Әлем Чемпионатына қатысқан 32 құрамада кірді. 

Конференция барысында Әлем Чемпионатының қорытындысы бойынша ФИФА-ның техникалық тобының зерттеулерінен кейін туындағын тақырыптар талқыланды. Мамандар жаңа тактикалық тенденцияларды ашып, жарыс барысында өткен 64 кездесудің сараптама қорытындысымен бөлісті.

Бөлісу
Жоғары