Семейде УЕФА бұқаралық футбол апталығының аясында аймақ аралық турнир ұйымдастырылды

Семейде УЕФА бұқаралық футбол апталығының аясында аймақ аралық турнир ұйымдастырылды

01 қазан 2018, 15:44
Семей қаласының «Цементник» стадионында өткен жарысқа 12 команда қатысты. Олар Семей, Өскемен, Риддер, Шемонаиха және Павлодар өңірлерінен келді.

Фестиваль аясында бірқатар байқау ұйымдастырылып, қатысушылар пенальти тебу, дриблинг көрсету және допты қақпақылдатудан жеңімпазды анықтайды. Демалыс күні қатысушылар қазақстандық футбол музейін аралайды.

Турнир 3 қазанға дейін жалғасады.

 

Бөлісу
Жоғары