Өскеменде бұқаралық футбол фестивалі өтті

Өскеменде бұқаралық футбол фестивалі өтті

02 қазан 2018, 12:10
УЕФА бұқаралық футбол апталығы аясында Өскеменде бұқаралық футбол фестивалі ұйымдастырылды.

Фестивальге мектеп оқушылары, студенттер, «Алтай» академиясының тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары, Шығыс Қазақстан облысының футбол ардагерлері қатысты.

Шара аясында мини-футболдан қалалық біріншілік өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды. Сонымен қатар, дәл осы күні ардагерлер арасында да жарыс ұйымдастырылды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары