Алматыда Тоқмұхамед Садықовты еске алуға арналған турнир аяқталды

Алматыда Тоқмұхамед Садықовты еске алуға арналған турнир аяқталды

01 қазан 2018, 11:56
26-30 қыркүйек аралығында студенттер арасында ҚР академигі Тоқмұхамед Садықовтың 80 жылдығына байланысты еске алуға арналған республикалық турнир өтті.

Тоқмұхамед Садықов 1987 - 2008 жылдар аралығында Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін басқарды. Турнирдің ашылу рәсіміне Қазақстан футбол федерациясы Президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов, Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев, қазақстандық футболдың ардагері Вахид Масудов қатысты. 

Жарысқа әртүрлі оқу орындарынан 10 команда қатысты. 

Турнир қорытындысы:

1 орын – Қазақ спорт және туризм академиясы 

2 орын – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

3 орын - Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті

 

 

Бөлісу
Жоғары