Оралда мектеп оқушыларының қатысуымен футбол фестивалі өтті

Оралда мектеп оқушыларының қатысуымен футбол фестивалі өтті

03 қазан 2018, 11:45
УЕФА бұқаралық футбол апталығы аясында Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында балалардың қатысуымен футбол фестивалі ұйымдастырылды.

Футбол мерекесіне Орал қаласының орта мектептері мен «Ақжайық» футбол орталығынан 180-ге жуық бала қатысты.

Футбол орталығының жаттықтырушылары шараға үлкен үлес қосты. Олар балаларға арнайы жаттығулар өткізіп, футболдың қыр-сырын үйретті.

Шара соңында Қазақстан футбол федерациясы мен УЕФА тарапынан футбол доптары таратылды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары