Чемпиондар Лигасы. «Қайрат» пен «Ақтөбе» тағы да жеңіске жетті

Чемпиондар Лигасы. «Қайрат» пен «Ақтөбе» тағы да жеңіске жетті

05 қазан 2018, 15:20
Алматылық «Қайрат» екінші ойында португалиялық «Спортингпен» жолығып, 2:1 есебімен жеңді.

Тайнан мен Ранжел Тайан соққан голдар жеңіс әкелді. Алматылық клуб екі жеңістен соң футзалдан Чемпиондар Лигасының элиталық кезеңіне жолдама алды. Турнир ережесі бойынша алғашқы төрт топтан келесі кезеңге үш командадан өтеді. «Қайрат» соңғы кездесуін 6 қазан күні беларустың «Лида» командасымен өткізеді.

АФК «Қайрат» (Қазақстан) - «Спортинг» (Португалия) - 2:1

Голы: Тайнан 5, Ранжел Тайан 12 - Эрика 15.

04.10.2018. Приштина, Спорт сарайы.

 

«Ақтөбе» де жеңіс жолын жалғастырды. Екінші ойынша Финляндияның «Кампуксен Динамо» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен ұтты. Бұл ойында Альберт Ақбалықов хет-трик авторы атанды.  Екі турдан соңы «Ақтөбе» мен хорватиялық «Ново Вриеме» командалары алты ұпайдан жинап, 1-2 орындарды бөлісіп тұр. Келесі турда өзара жолығатын командалар Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады. Ойын 7 қазан күні өтеді.

МФК «Ақтөбе» (Қазақстан) - «Кампуксен Динамо» (Финляндия) - 3:0

Голдар: Ақбалықов - 3

04.10.2018. Макарска. «Градски Спортски центр».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары