Қазақстан Ұлттық құрамасының Латвия және Грузиямен өтетін ойындарға шақырылған футболшыларының тізімі

Қазақстан Ұлттық құрамасының Латвия және Грузиямен өтетін ойындарға шақырылған футболшыларының тізімі

08 қараша, 09:20
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов УЕФА Ұлттар Лигасының қараша айында өтетін ойындарына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Тізімге 24 футболшы енді:

Қақпашылар: Ненад Эрич («Астана»), Владимир Плотников («Қайрат»), Дмитро Непогодов («Тобыл»);

Қорғаушылар: Дмитрий Мирошниченко («Тобыл»), Сергей Малый, Юрий Логвиненко, Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Абзал Бейсебеков (барлығы - «Астана»), Александр Марочкин («Қайсар»), Ғафуржан Сүйімбаев («Қайрат»), Темірлан Ерланов («Ордабасы»);

Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан, Исламбек Қуат, Георгий Жуков (барлығы - «Қайрат»), Серікжан Мужиков, Бактиер Зайнутдинов (екеуі де - «Астана»), Еркебұлан Тұңғышбаев («Ордабасы»), Думан Нәрзілдаев («Қайсар»), Максим Федин («Тобыл»);

Шабуылшылар: Роман Муртазаев, Алексей Щеткин (екеуі де - «Астана»), Бауыржан Тұрысбек («Тобыл»), Еркебулан Сейдахмет («Уфа», Ресей)

 

Резерв:

қақпашы - Александр Мокин («Астана»),

қорғаушы - Нұралы Әліп («Қайрат»),

жартылай қорғаушылар - Иван Антипов («Ақжайық»), Юрий Перцух («Атырау»),

шабуылшы - Оралхан Өміртаев («Шахтер»).

Құраманың тізімінде өзгерістер болуы мүмкін.

 

УЕФА Ұлттар Лигасы аясында Қазақстан құрамасы 15 қараша күні «Астана Арена» стадионында Латвия құрамасын қабылдайды. Қазақстан-Латвия ойыны 21:00-де басталады. Ал, 19 қараша күні біздің құрама Тбилисиде Грузиямен кездеседі. 

Қазақстан мен Латвия арасындағы ойынның билеттерін www.ticketon.kz сатып алуға болады. 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары