Қазақстан құрамасы U19 Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын өткізді

Қазақстан құрамасы U19 Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі екінші ойынын өткізді

17 қараша, 22:58
Александр Кузнецов командасы екінші ойында Польша құрамасымен кездесіп, 0:4 есебімен жеңіліп қалды.

Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Сербия футболшыларымен 2:2 тең түсті. Шешуші ойын 20 қараша күні өтеді. Біздің футболшылар турнир қожайындары Солтүстік Ирландиямен кездеседі. 

Еуропа Чемпионаты-2019.  Іріктеу турнирі. 9 топ.

Польша U-19 - Қазақстан U-19 - 4:0 (2:0)

Голдар: Майк Навроцки 15, Мацей Журавски 45, Матеуш Богуш 71, Якуб Кивер пенальти 90+1
 
Ескерту: Хуберт Кисель 5, Марцин Грабовски 83 - Санжар Айтым 14, Дмитрий Бачек 84

Алаңнан қуылған ойыншы: Санжар Әйтім 77 (екінші ескерту)

Польша U-19: Павел Соукл, Майк Навроцки, Марцин Грабовски, Мацей Журавски (Камиль Пентковски 83), Хуберт Соболь (Кацпер Велняк 72), Ян Лось, Кацпер Михалски, Хуберт Кисель (Кшиштоф Кубица 88), Матеуш Богуш (Лукаш Поремба 83), Якуб Кивер (К), Матеуш Млыньски (Михал Скурась 72)

Қазақстан U-19: Данил Устименко, Әлім Ілиясов, Бексұлтан Шәмші, Андрей Ульшин (Сұлтан Сағнаев 46), Руслан Махан (Дмитрий Бачек 46), Мәди Жақыпбаев (К) (Тайыр Нұрсейітов 90+2), Лев Скворцов (Дамир Битүсіпов 73), Александр Усачев (Арман Кеңесов 46), Жасұлан Қайыркенов, Санжар Әйтім, Жантөре Жұмаділов.

Төрешілер: Михал Оценаш, Михал Томчик (екеуі де - Словакия), Нил Гиллеспи, Джейми Робинсон (екеуі де - Солтүстік Ирландия).

17.11.2018. Данганнон, Солтүстік Ирландия. «Стэнджмор Парк» стадионы.

Бөлісу
Жоғары