Грузия - Қазақстан матчына португалиялық төрешілер тағайындалды

Грузия - Қазақстан матчына португалиялық төрешілер тағайындалды

19 қараша, 13:12
Тьягу Мартинш бастаған төрешілер тобы УЕФА Ұлттар Лигасы аясында өтетін Грузия мен Қазақстан ойынына төрелік етеді.

Бас төрешінің қос қапталдағы көмекшілері - Луиш Кампуш және Рикарду Сантуш. Қақпа артындағы төрешілер - Угу Мигель және Жоау Капела. Қосалқы төреші- Антониу Годинью.

Грузия - Қазақстан матчы бүгін, 19 қараша күні елорда уақытымен 23:00-де басталады. «QazSport» телеарнасы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. 

 

Бөлісу
Жоғары