17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталды

23 қараша, 17:11
Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында 17 жасқа дейінгі қыздар арасында 2019/20 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы тоғызыншы топқа түсті. Біздің құраманың қарсыластары - Польша, Венгрия және Болгария. Командалар элиталық кезеңнің жолдамасына таласады.

Турнирдің қожайыны мен өтетін уақыты кейін анықталады.

Элиталық кезеңге Испания мен Германия тікелей жолдама алды. Ал, финалдық кезеңге жарысты қабылдайтын Швеция шықты.

Топтың жеңімпаздары, екінші орын иелері және үшінші орын алған екі үздік (бірінші және екінші командамен өткізген ойындарының нәтижесіне байланысты) элиталық кезеңге өтеді. Бұл кезеңнің жеребесі 2019 жылдың 22 қарашасында таратылады. Ал, турнирдің ойындары 2020 жылдың көктемінде өтеді.

Элиталық кезеңнен өткен жеті команда Швецияда өтетін финалдық кезеңге қатысады.

Бөлісу
Жоғары