Мария Демидова: «Тактикалық жаттығуларға баса назар аудардық»

Мария Демидова: «Тактикалық жаттығуларға баса назар аудардық»

26 қараша, 11:19
Қазақстан әйелдер құрамасының қорғаушысы Мария Демидова Біріккен Араб Әмірлігінде өткен оқу-жаттығу жиынына қатысты өз пікірін білдірді:

- Футболға қалай келгеніңіз жөнінде айтып өтсеңіз?

- Жастайымнан футболға әуестене бастадым. Шамамен 12 жасымда спорттың бұл түрі қатты ұнады. Кейін кәсіби шұғылдануға көштім. 15-19 жас аралығында жасөспірімдер құрамаларына шақырылып, халықаралық турнирлерге қатыстым. Көп күтпей ұлттық құраманың намысын қорғай бастадым.

- Біріккен Араб Әмірлігінде оқу-жаттығу жиыны қалай өтті?

- Оқу-жаттығу жиыны өте жемісті болды. Тактикалық жаттығуларға баса назар аудардық. Оқу-жаттығу жиынын өткізуге қолдау көрсеткен Ұлттық Олимпиада комитетіне алғыс айтқым келеді.

- Рәзия Нүркенованың келуімен қандай өзгеріс бар?

- Жаңа бас бапкердің келуімен ойынның жаңа философиясына бой үйрете бастадық. Шабуылда жиі ойнайтын болдық. Әр жаттығуда жаңа комбинацияларды ұйымдастыру үшін күш саламыз.

- Біріккен Араб Әмірлігі құрамасымен жолдастық матч қалай өтті?

- Ойын қарқыны тең басталды. Алайда, уақыт өте келе қысқа әрі орта пастардың арқасында допқа иелік етіп, ойын басымдығын қолға алдық. Жолдастық матч біздің құраманың көрсеткіштері жоғары болды.

Бөлісу
Жоғары