ФИФА рейтингі жаңартылды

ФИФА рейтингі жаңартылды

29 қараша 2018, 18:03
Халықаралық футбол қауымдастықтары федерациясының (ФИФА) 2018 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша жариялаған рейтингіне сәйкес Қазақстан Ұлттық құрамасы өткен аймен салыстырғанда үш сатыға төмендеді.

Қараша айының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 120 орынға жайғасты.

Қазақстан құрамасы қараша айында УЕФА Ұлттар Лигасы аясында екі матч өткізді. Ең алдымен Латвия құрамасын қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті. Екіншй ойында сырт алаңда Грузияға жол берді - 1:2.

Бөлісу
Жоғары