Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

Қазақстан құрамасының 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі қарсыластары анықталды

02 желтоқсан 2018, 18:02
Бүгін Ирландия астанасы Дублинде 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды.

Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы I тобына Бельгия, Ресей, Шотландия, Кипр және Сан-Марино құрамаларымен бірге түсті. 2020 жылғы Еуропа Чемпионатына әр топтан бірінші және екінші орын алған командалар өтеді.

2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирі 2019 жылдың 21 наурызында басталады.

Бөлісу
Жоғары