Станимир Стоилов: «Қазақстан құрамасы топта шу көтеруге тырысады»

Станимир Стоилов: «Қазақстан құрамасы топта шу көтеруге тырысады»

02 желтоқсан, 20:34
Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Станимир Стоилов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Ирландия астанасы Дублинде өткен 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесін қорытындылады:

- 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесі тартылды. Қарсыластар белгілі. Жеребенің қорытындысы бойынша не ойлайсыз?

- Жеребенің қорытындысына көңілім толады. Біздің топтағы әр қарсыласқа салмақты дайындалу қажет. Іріктеу кезеңінің ойындары қызықты өтеді деп ойлаймын. Бізге өзге де мықты қарсыластар түсуі мүмкін еді.

- Топтың үздігі кім?

- Біздің топтың ең үздігі – Бельгия құрамасы. Ресей құрамасы да биыл өз үйінде өткен Әлем Чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Топтан шығу үшін күрес жүргізетін мықты командалардың бірі. Ресейліктердің бас бапкері Станислав Черчесов білікті маман. Топтағы барлық қатысушыларға лайықты қарсылық көрсете аламыз деп санаймын.

- Қай құрама тосынсый жасауға дайын?

- Кез келген құрама көпшілік күтпеген нәтижеге қол жеткізуі мүмкін. Ол Қазақстан құрамасы болғанын қалар едім.

- Қазақстан құрамасы қандай орынға үміт арта алады?

- Әзірге айту қиын. Жаттықтырушылар штабы мен футболшылар биік мақсаттарды алға қойып, оны орындауы міндетті. Мәселен, топтан шығу. Үйде өтетін ойындарда жақсы ойнау маңызды. Қазақстан құрамасы ойын деңгейін көтеріп, бір сатыға жоғарылауы тиіс. Біздің құраманың ойыншылары Ұлттар Лигасында жақсы тәжірибе жинады. Осы тәжірибе Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде көмектеседі деп үміттенемін. Қазақстан құрамасы топта шу көтеруге тырысып, жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға ұмтылады.

Бөлісу
Жоғары