Франко Варрелла: «Біз үшін жаңа қарсыластар -  жаңа тәжірибе»

Франко Варрелла: «Біз үшін жаңа қарсыластар -  жаңа тәжірибе»

03 желтоқсан, 11:52
Сан-Марино құрамасының бас бапкері Франко Варрелла 2020 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің жеребесін қорытындылады:

- Де Брюйне, Мертенс, Азар және Лукаку сынды жұлдыздары бар Бельгия құрамасымен ойында трибунаға жанкүйерлер көптеп жиналады. Бельгия құрамасы соңғы жылдары керемет ойынымен көзге түсіп жүр. Шотландия, Ресей және Қазақстан құрамаларының дайындықтары мықты. Ұлттар Лигасында Беларусь және Молдова құрамаларымен өткізген ойыннан кейін қай бағытта жұмыс істеу қажет екенін білеміз. Біз үшін жаңа қарсыластар -  жаңа тәжірибе. Шотландия тактикалық ойында жақсы. Ал, Ресейі құрамасы Еуропаның үздік құрамаларына қарсы тұра алатынын Әлем Чемпионатында дәлелдей түсті. Қазақстан мен Кипр құрамалары бізден мықтырақ. Алайда, олардың ойындарына баға беру үшін толық мәлімет жоқ.

Бөлісу
Жоғары