19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды

06 желтоқсан 2018, 16:39
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Хорватия, Грузия және Венгрия құрамаларымен бірге 13 топқа түсті.

Ойындар 2019 жылдың 9-15 қазан аралығында Венгрияда өтеді. Әр топтан екі үздік құрама элиталық кезеңге жолдама алады. Сонымен қатар, үшінші орын алған ұжымдардың ішінде рейтингісі жоғары құрама да келесі айналымға шығады. Элиталық кезең ойындары 2020 жылдың көктеміне жоспарланған. 19 жасқа дейінгі Еуропа чемпионатының қазіргі жеңімпазы Португалия жарысты осы кезеңнен бастайды. 

Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылы Солтүстік Ирландияда өтеді. 

 

 

Бөлісу
Жоғары