Спорт медицинасы тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Спорт медицинасы тақырыбында семинар ұйымдастырылды

11 желтоқсан 2018, 11:00
Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде «Футболдағы спорт медицинасының өзекті сұрақтары» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік семинар өтіп, спорт саласындағы отандық мамандардың басын қосты.

7-8 желтоқсан күні өткен семинарға Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы қолдау көрсетті. Семинарға Премьер-лига, Бірінші лига клубтары және футбол орталықтары мен академияларының мамандары қатысты.

Қатысушыларға дәріс оқу үшін қазақстандық және шетелдік танымал мамандар шақырылды. Олардың арасында бельгиялық Тьерк Уандерс, түркиялық Нихан Эркан, ресейлік Владимир Павлов және қазақстандық Алексей Шепоренко болды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары