Көңіл айту

Көңіл айту

23 қаңтар, 23:28
Бірнеше дүркін Ресей чемпионы атанған қазақстандық футболшы өмірден өтті.

Қазақстан футболының түлегі, бірнеше дүркін Ресей чемпионы, әлем чемпионатының ширек финалына екі мәрте қатысушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Александра Светлицкая ұзақ уақыт ауыр науқастан кейін 48 жасында дүниеден озды.

Қазақстан футбол федерациясы марқұмның өмірден өтуіне байланысты туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтады. Оның есімі футбол жанкүйерлерінің есінде мәңгі сақталмақ.

Александра Светлицкаямен қоштасу рәсімі Алматы қаласының «Қалқаман» ауданында өтеді.

Қазақстан футбол федерациясы

Бөлісу
Жоғары